Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Бұл мобильді құрылғы радио толқындарға қалдыру бойынша халықаралық нұсқауларға сәйкес келеді.
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы және радио қабылдағыш ретінде де қолданылады. Ол ICNIRP тәуелсіз ғылыми
ұйымынан алынған халықаралық нұсқаулар арқылы радио толқындарға (радио жиіліктің электромагниттік өрістері)
қалдыруға арналған шектен аспау үшін жасақталған. Бұл нұсқаулар жасы мен денсаулығына қарамастан барлық
адамдардың қорғанысын қамтамасыз ететін маңызды қауіпсіздік шектерін қамтиды.
Шығару нұсқаулары Арнайы абсорбция жылдамдығына (SAR) негізделген, ол құрылғы тасымалдап жатқанда басқа немесе
денеге берілген радио жиілігі (RF) қуатының көлемінің көрсетілуі болып табылады. Мобильді құрылғылар үшін ICNIRP SAR
шегі тіннің 10 грамынан артық орташаланған 2,0 Вт/кг.
SAR сынақтары құрылғымен стандартты жұмыс позицияларында, өзінің барлық жиілік жолақтарында ең жоғарғы
куәландырылған қуат деңгейінде тасымалдап жатқанда жүргізіледі. Бұл құрылғы үшін ең үлкен жазылған SAR мәндері:
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
128
Ең үлкен SAR мәні
Ең үлкен SAR мәні жазылған кезде
пайдаланылған жиілік жолағы
Баста ұстаған кезде
0,76 Вт/кг 10 г-нан артық
WCDMA 1900 және WLAN 2450
Денеден 1,5 сантиметр (5/8 дюйм)
бөлек қашықтықта пайдаланылған
кезде
0,67 Вт/кг 10 г-нан артық
4 ұялы GPRS 850 және WLAN 2450
Бұл құрылғы баста пайдаланылған кезде немесе денеден кемінде 1,5 сантиметр (5/8 дюйм) қашықтықта орналастырылған
кезде радио жиілік нұсқауларына сай келеді. Сөмке, белдік қысқышы немесе құрылғы ұстағыштың басқа түрі денеге кию
қолданысы үшін пайдаланылғанда, оның құрамында металл болмауы тиіс және денеден кемінде жоғарыда көрсетілген
бөлу қашықтығын қамтамасыз етуі керек.
Деректер немесе хабарлар жіберу үшін жақсы желі қосылымы қажет. Мұндай қосылым қол жетімді болғанша жіберу
кідіртілуі мүмкін. Жіберу аяқталғанша ара қашықтық туралы нұсқауларды орындаңыз.
Жалпы қолданыс кезінде SAR мәндері әдетте жоғарыда көрсетілген мәндерден айтарлықтай төмен болады. Мұның себебі,
жүйе тиімділігі мен желідегі кедергіні азайту мақсатында, ұялы телефонның жұмыс істеу қуаты қоңырау үшін толық қуат
қажет болмаған кезде автоматты түрде азайтылады. Қуат шығысы неғұрлым төмен болса, SAR мәні соғұрлым төмен болады.
Құрылғы үлгілерінде басқа нұсқалар және бірнеше мән болуы мүмкін. Құрамдас бөлік және дизайн өзгертулері уақыт өте
орын алуы мүмкін және кейбір өзгертулер SAR мәндеріне әсер етеді. Осы және басқа Nokia құрылғысының үлгілері үшін ең
соңғы қол жетімді SAR ақпаратын мына тораптан табуға болады: www.nokia.com/sar.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) ағымдағы ғылыми ақпарат мобильді құрылғыларды пайдалану кезінде
ешқандай арнайы сақтық шараларына қажеттілікті көрсетпейтінін мәлімдеді. Әсерді азайтуға қызықсаңыз, олар
қолданысты шектеуді немесе басыңыз бен денеңізден құрылғыны алыс ұстау үшін хэндсфри жинағын пайдалануды
ұсынады. Радио жиілік әсері туралы қосымша ақпарат пен түсіндірмелер және талқылаулар алу үшін WHO веб-торабына
өтіңіз: www.who.int/peh-emf/en.