Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы ішке орнатылған, ажыратылмайтын зарядталатын батареямен жабдықталған. Артқы қақпағын ашуға немесе
батареяны шығарып алуға тырыспаңыз, себебі құрылғы зақымдалуы мүмкін. Батареяны ауыстыру үшін, құрылғыны жақын
жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Құрылғыны AC-60 зарядтағышымен зарядтаңыз. Зарядтағыш штекері басқаша болуы мүмкін.
IEC/EN 62684 стандартына сәйкес келетін және құрылғының шағын USB ұясына жалғауға болатын үшінші тараптың
зарядтағыштары да үйлесімді болуы мүмкін.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
126
Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея немесе зарядтағыш үлгілерін жасауы мүмкін.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту режимдері
көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.