
Wi-Fi байланыстары
Телефоныңыз мерзімді түрде пайдалануға болатын байланыстар бар-жоғын тексеріп, сізге
хабарлап тұрады. Экранның жоғарғы жағында қысқа уақытқа хабарландыру көрсетіледі. Wi-Fi
байланыстарын басқару үшін, хабарландыруды таңдаңыз.
Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > Wi-Fi опциясын түртіңіз.
Wi-Fi арқылы орналасқан жерді анықтау жерсерік сигналдары болмаған кезде, әсіресе, сыртта
немесе биік ғимараттар арасында жүргенде орналасқан жерді анықтау дәлдігін жақсартады. Wi-
Fi желісін телефон параметрлерінде де өшіруге болады.
Ескерім: Кейбір елдерде Wi-Fi желісін пайдалануға шектеулер қойылуы мүмкін. Мысалы,
Еуропа Одағында ғимарат ішінде тек 5150–5350 МГц Wi-Fi желісін, ал АҚШ пен Канадада
ғимарат ішінде тек 5,15–5,25 ГГц Wi-Fi желісін пайдалануға рұқсат етіледі. Қосымша ақпарат
алу үшін, жергілікті билік органдарына хабарласыңыз.