Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп орнату
Телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан сақтағыңыз келе ме? Қауіпсіздік кодын белгілеп,
телефонды пайдаланбаған кезде автоматты түрде құлыптанатын етіп орнатыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > құлып экран опциясын
түртіңіз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
117
2. Құпиясөз параметрін Қосулы
күйіне ауыстырып, қауіпсіздік кодын (кемінде 4 сан) теріңіз.
3. Құпия сөзді осыдан кейін талап ету параметрін түртіп, телефон автоматты түрде
құлыпталатын уақыт ұзақтығын анықтаңыз.
Қауіпсіздік кодын құпия әрі телефоннан бөлек сенімді жерде сақтаңыз. Егер қауіпсіздік кодын
ұмытсаңыз және оны қалпына келтіру мүмкін емес болса немесе қате кодты көп рет енгізген
болсаңыз, телефонға қызмет талап етіледі. Қосымша ақы алынуы мүмкін және бүкіл жеке
деректеріңіз телефоныңыздан жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care
орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен байланысыңыз.
Телефонның құлпын ашу
Қуат пернесін басып, құлыптау экранын жоғары қарай сүйреңіз де, қауіпсіздік кодын теріңіз.