Рұқсат кодтары
Телефондағы түрлі кодтар не үшін қажет?
PIN код
(4-8 сан)
SIM картасын рұқсатсыз пайдаланудан
қорғайды немесе кейбір мүмкіндіктерге қол
жеткізу үшін қажет.
Телефонды қосылғанда PIN кодын сұрайтын
етіп орнатуға болады.
Егер картамен берілмесе немесе кодты
ұмытып қалсаңыз, желі қызметінің
провайдеріне хабарласыңыз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
120
Кодты қатарынан үш рет қате енгізген
жағдайда, кодтың құлпын PUK кодымен ашу
қажет болады.
PUK
Бұл PIN кодты ашу үшін қажет.
Егер SIM картасымен берілмесе, желі
қызметінің провайдеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік коды (құлыптау коды, құпиясөз)
(кемінде 4 сан)
Бұл әрекет телефонды рұқсатсыз
пайдаланудан қорғайды.
Телефонды сіз анықтаған құлыптау кодын
сұрайтын етіп орнатуға болады.
Кодты құпия әрі телефоннан бөлек сенімді
жерде сақтаңыз.
Кодты ұмытып, телефоныңыз құлыптанатын
болса, телефоныңызға қызмет көрсету қажет
болады. Қосымша ақы алынуы және
телефондағы жеке деректер жойылуы мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін, Nokiа Care
орталығына немесе телефон дилеріне
хабарласыңыз.
IMEI
Бұл әрекет желідегі жарамды телефондарды
анықтау үшін қолданылады. Нөмірді, мысалы,
ұрланған телефондарды құлыптау үшін де
пайдалануға болады. Сондай-ақ, нөмірді Nokia
Care қызметтеріне беруіңіз қажет болуы
мүмкін.
IMEI нөмірін көру үшін *#06# санын теріңіз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
121