Nokia Lumia 1020 - Телефондағы қол жетімді жадты тексеру және үлкейту

background image

Телефондағы қол жетімді жадты тексеру және үлкейту
Қол жетімді жад көлемін тексеру керек пе?
Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > телефон жады опциясын

түртіңіз.
Телефон жадының мәліметтерін тексеру үшін телефон опциясын түртіңіз.
Бос орын таусылып жатса, бұдан әрі қажетсіз нәрселерді тексеріп, жойыңыз:
• Мәтін, мультимедиа және пошта хабарлары
• Контакт жазбалары мен мәліметтері
• Бағдарламалар;
• Музыка, фотосуреттер немесе бейнелер
Жадты тексеру қолданбасымен жадты не пайдаланып жатқанын көріңіз

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > сақтау орнын тексеру

опциясын түртіңіз.
Жадты тексеру қолданбасымен орын босату үшін уақытша файлдарды жойыңыз

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > сақтау орнын тексеру

опциясын түртіңіз. Содан кейін мәліметтер опциясына қарай жанап өтіп, өшіру опциясын түртіңіз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

115