Nokia Lumia 1020 - Телефондағы деректердің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру

background image

Телефондағы деректердің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру
Әртүрлі жағдайлар болып жатады, сондықтан телефоныңызды Microsoft есептік жазбаңызға

параметрлер мен басқа деректердің сақтық көшірмесін жасайтын етіп орнатыңыз.
Телефоныңыздың сақтық көшірмесін жасау үшін Microsoft есептік жазбасы қажет.

Телефоныңызды қолданбалар тізімін, параметрлердің, мәтіндік хабарлардың фотосуреттердің

және бейнелердің сақтық көшірмесін жасайтын етіп қоюға болады.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > сақтық көшірме опциясын

түртіңіз.

2. Сұралса, Microsoft есептік жазбаңызға кіріңіз.

3. Ненің сақтық көшірмесін жасау керектігін және жасау жолын таңдаңыз.
Жүктеп алынған бағдарламалар сақтық көшірмеге кірмеуі мүмкін, бірақ бағдарлама қол жетімді

болғанда, оларды Дүкен ішінен қайта жүктеп алуға болады. Деректер тасымалы үшін ақы алынуы

мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Бейнелерді немесе сапасы жоғары фотосуреттерді автоматты түрде сақтық көшірмелеу үшін Wi-

Fi қосылымы қажет.
Музыка сияқты басқа мазмұнның сақтық көшірмесін жасау үшін жұмыс үстеліне арналған

Windows Phone қолданбасын немесе Windows Explorer браузерін пайдаланыңыз.
Параметрлеріңізді немесе сақтық көшірмесі жасалған басқа заттарды қалпына келтіру қажет

бола қалса, Microsoft есептік жазбаңызды жаңа телефонға қосып, телефонда көрсетілген

нұсқауларды орындаңыз.