Фотосуреттер мен құжаттарды құрылғылардың арасында ортақ пайдалану
SkyDrive арқылы кез келген құрылғылардан жүктелген фотосуреттер, құжаттар мен т.б.
нәрселерге оңай қол жеткізуге болады.
Телефоныңызға, планшетіңізге немесе компьютеріңізге сақталған фотосуреттерді, құжаттарды
немесе басқа заттарды SkyDrive қызметіне жүктеу үшін Microsoft есептік жазбаңызға кіруіңіз
қажет. Басқа құрылғыдағы жүктелген мазмұнға қол жеткізу үшін, мазмұнды жүктеген кезде
пайдаланылған Microsoft есептік жазбасына кіруіңіз қажет.
Мазмұнды жүктеу немесе жүктеп алу үшін Интернет байланысы қажет болады. Деректер
жоспарыңыз жоқ болса, деректерді тасымалдау ақылары жылдам жиналады. Ықтимал дерек
ақылары туралы қосымша ақпаратты желілік қызмет провайдерінен алыңыз.
SkyDrive қызметінде заттарыңызға қол жеткізуге болатын бірнеше жер бар. Телефонда
Фотосуреттер хабындағы фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді тексеруге немесе Office
хабындағы Office құжаттарыңызды ашуға болады. Сондай-ақ, телефоныңыздағы барлық файл
түрлерін көру және пайдалану үшін SkyDrive бағдарламасын Дүкен торабынан жүктеп алуға
болады.
Планшетте немесе компьютерде заттарыңызды www.skydrive.com торабында онлайн басқаруға
немесе SkyDrive бағдарламасын пайдаланып SkyDrive қызметіне тікелей жұмыс үстелінен кіруге
болады. SkyDrive бағдарламаңыз әлі болмаса, оны www.skydrive.com торабынан жүктеп алып,
орнатуға болады.
Кеңес: Компьютердегі SkyDrive бағдарламасымен жүктелететін файлдарды жай ғана
Windows Explorer немесе Finder сияқты файлдар реттегішіндегі SkyDrive қалтасына сүйреп
апарып тастауға болады, ал файлдар автоматты түрде SkyDrive қызметіне жүктеледі.