
Сенсорлы экранды пайдалану
Түрту, сырғыту немесе сүйреу әрекетімен телефонды зерттеңіз.
1. Телефонды пайдалану үшін сенсорлы экранды жай ғана түртіңіз немесе түртіп ұстап тұрыңыз.
2. Басқа параметрлерді ашу үшін мәзір ашылғанша, саусағыңызды элементке қойыңыз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
21

Кеңес: Телефонды қолғап киіп тұрғанда да пайдалануға болады. Бастау экранында солға
қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > дисплей+сенсор опциясын түртіңіз. сенсор
опциясын жанап өтіңіз де, Cенсор сезімталдығы параметрін Жоғары күйіне ауыстырыңыз.
Мысал: Қолданбаны немесе басқа элементті ашу үшін қолданбаны немесе элементті
түртіңіз. Күнтізбедегі кездесуді өзгерту немесе жою үшін, кездесуді түртіп, ұстап тұрыңыз
да, тиісті параметрді таңдаңыз.
Түртіп, ұстап тұрып элементті сүйреу
Элементтің үстіне бір немесе екі секундқа қойып, саусағыңызды экран бетімен жүргізіңіз.
Жүргізіп өту
Экранға саусағыңызды қойып, оны қалаған бағытта сырғытыңыз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
22

Мысал: Мысалы, бастау экраны мен қолданбалар мәзірі арасында немесе орталықтардың
ішіндегі әр түрлі көріністер арасында солға не оңға жанап өтіңіз. Ұзақ мәзірде немесе тізімде
жылдам жылжу үшін, саусағыңызды жылдам қозғалта отырып экран бойымен жоғары не
төмен сырғытыңыз да, көтеріп қалыңыз. Жылжуды тоқтату үшін, экранды түртіңіз.
Үлкейту және кішірейту
Карта, фотосурет немесе веб-бет сияқты элементтің үстіне екі саусағыңызды қойып,
саусақтарыңызды бір-бірінен ажыратыңыз не бір-біріне жақындатыңыз.
© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
23

Маңызды: Сенсорлы экран бетінің сызылуына жол бермеңіз.