Телефонда және компьютерде поштамен және күнтізбемен жұмыс істеңіз
Бизнес пен бос уақыт үшін әр түрлі пошта мекенжайларын пайдалануға болады. Телефонда
бірнеше пошта жәшігін қосып, бір пошта тіркелгісін, ол Outlook, Office 365 немесе кез келген
басқа пошта тіркелгісі болсын, телефонда да, компьютерде де пайдалана аласыз. Пошта мен
күнтізбе синхрондалып тұрады және жиналыстарға тікелей күнтізбе шақыруларынан қосыла
аласыз. Біріктірілген пошта мен күнтізбені пайдалана аласыз, осылайша, мысалы, жиналыс келе
жатқанда, қатысушылар тізімін көруге және бір түртумен, қатысушымен болған кез келген пошта
немесе мәтіндік хабар талқылауларына қатынасуға болады.
Пошта жәшіктерін жасау туралы қосымша ақпарат алу үшін осы пайдаланушы нұсқаулығының
«Пошта жәшігін қосу» бөлімін қараңыз.
Office 365 туралы қосымша ақпарат алу үшін www.youtube.com/watch?v=2QxiYmAerpw бетіндегі
бейнені (тек ағылшын тілінде) қараңыз.