Nokia Lumia 1020 - Орналасқан жерді анықтау әдістері

background image

Орналасқан жерді анықтау әдістері

Телефоныңыз орналасқан жеріңізді картадан GPS, GLONASS, A-GPS, Wi-Fi немесе желі (ұя

идентификаторы) негізінде орналасқан жерді анықтау арқылы көрсетеді.
Орналасқан жер туралы ақпараттың қол жетімділігі, дәлдігі және толықтығы, мысалы,

орналасқан жеріңізге, айналаңызға және үшінші тарап көздеріне байланысты болады және

шектелуі мүмкін. Орналасқан жер туралы ақпарат, мысалы, ғимараттарда немесе жер астында

қол жетімді болмауы мүмкін. Орынды анықтау әдісіне қатысты құпиялық туралы ақпарат алу

үшін Nokia құпиялық саясатын қараңыз.
Assisted GPS (A-GPS) желі қызметі мен басқа да GPS және Glonass қызметтерінің көмекші құралдар

ұялы желі арқылы орналасқан жер туралы ақпаратты алып, GPS функциясының ағымдағы

орналасқан жеріңізді есептеп шығаруына көмектеседі.
A-GPS, сондай-ақ GPS және GLONASS функциясының басқа да мүмкіндіктері үшін ұялы желі

арқылы аз мөлшерде деректер тасымалдануы қажет болуы мүмкін. Деректер үшін

шығынданғыңыз келмесе, мысалы, саяхаттап жүргенде, телефон параметрлерінде мобильді

деректер байланысын өшіріп қоюға болады.
Wi-Fi арқылы орналасқан жерді анықтау жерсерік сигналдары болмаған кезде, әсіресе, сыртта

немесе биік ғимараттар арасында жүргенде орналасқан жерді анықтау дәлдігін жақсартады.

Егер Wi-Fi желісін пайдалануға тыйым салынған жерде болсаңыз, телефон параметрлерінде Wi-

Fi желісін өшіруіңізге болады.

Ескерім: Кейбір елдерде Wi-Fi желісін пайдалануға шектеулер қойылуы мүмкін. Мысалы,

Еуропа Одағында ғимарат ішінде тек 5150–5350 МГц Wi-Fi желісін, ал АҚШ пен Канадада

ғимарат ішінде тек 5,15–5,25 ГГц Wi-Fi желісін пайдалануға рұқсат етіледі. Қосымша ақпарат

алу үшін, жергілікті билік органдарына хабарласыңыз.

Сапар өлшегіш жерсерік байланысының қол жетімділігіне және сапасына байланысты дәл

болмауы мүмкін.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

88