Фотосуреттерді компьютерге көшіру
Компьютерге көшіргіңіз келетін фотосуреттерді телефонмен түсірдіңіз бе? Фотосуреттерді
көшіру немесе жылжыту үшін компьютердің файл реттегішін пайдаланыңыз.
Егер компьютеріңіз Mac болса, www.nokia.com Mac қолданбасына Nokia Photo Transfer
бағдарламасын орнатыңыз.
1. Телефонды үйлесімді компьютерге үйлесімді USB кабелімен жалғаңыз.
2. Компьютерде Windows Explorer немесе Finder сияқты файл реттегішті ашып, телефонды
шолыңыз.
Кеңес: Телефон жылжымалы құрылғылар тармағында Windows Phone ретінде көрсетіледі.
Телефон қалталарын көру үшін телефон атауын екі рет басыңыз. Құжаттар, музыка,
фотосуреттер, рингтондар және бейнелер үшін бөлек қалталар бар.
3. Фотосуреттер қалтасын ашып, фотосуреттерді таңдаңыз және компьютерге көшіріңіз.
Кеңес: Компьютердің амалдық жүйесі Windows 7 немесе Windows 8 болса, Windows Phone
қолданбасын да пайдалануға болады. Windows 7 амалдық жүйесімен оны
www.windowsphone.com торабынан жүктеп алуға болады.