Nokia Lumia 1020 - Телефонды сымсыз зарядтау

background image

Телефонды сымсыз зарядтау
Кабельдерді шатыстырудың қажеті жоқ, жай ғана құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қойыңыз,

сонда ол зарядтауды бірден бастайды.
Телефондағы және зарядтағыштағы зарядтау аймақтары тиюі керек, сондықтан телефон мен

зарядтағышты дұрыстап туралаңыз. Барлық телефон үлгілері барлық зарядтағыштарға сәйкес

келе бермейді.

Сымсыз зарядтау жұмыс істеу үшін, корпус ішінде Qi логотипі бар Nokia сымсыз зарядтау қақпағы

CC-3066 керек. Қақпақ сату қорабында болуы мүмкін немесе бөлек сатылуы мүмкін. Тек

түпнұсқа Nokia сымсыз зарядтау қақпақтарын пайдаланыңыз.
DT-900 сымсыз зарядтау тақтасы сияқты Nokia сымсыз зарядтағыштары бөлек сатылады.
Сымсыз зарядтау үшін тек Qi куәліктендірілген зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
1. Сымсыз зарядтағыштың қосулы екендігін тексеріңіз.

2. Сымсыз зарядтау қақпағы орнында болғанда, телефонды сымсыз зарядтағышқа зарядтау

аймақтары тиетіндей етіп қойыңыз.

3. Батарея толғанда телефоныңызды зарядтағыштан алыңыз.
Зарядтау аймағы бөлектеледі.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

12

background image

Ескерту Зарядтағыш пен құрылғының арасында ешнәрсе жоқтығын тексеріңіз.

Құрылғының зарядтау аймағына жақын бетке жапсырмалар сияқты заттар жапсырмаңыз.

Сымсыз зарядтау туралы ақпарат алу үшін зарядтағыштың пайдаланушы нұсқаулығын және

сымсыз зарядтау қақпағын қараңыз.