
Контактілерді көшіру
Жақын және қымбат нәрселер дереу саусағыңыздың ұшында болсын. Контактілер мен мәтіндік
хабарларды ескі телефоныңыздан оңай көшіру үшін Деректерді тасымалдау қолданбасын
пайдаланыңыз.
Кеңес: Егер сізде ескілеу Windows Phone құрылғысы болса немесе Windows Live
поштасындағы контактілеріңіздің сақтық көшірмесін жасасаңыз, есептік жазбаңызды
телефоныңызға қосып, контактілерді телефоныңызға қызметтен тікелей импорттауға
болады.
Ескі телефоныңыз Bluetooth қызметін қолдауы керек. Ескі телефондағы контактілер SIM
картасында емес, телефон жадында сақталуы тиіс. Қолданба телефон үлгілерінің барлығымен
жұмыс істей бермейді.
1. Ескі телефоныңызда Bluetooth функциясын қосыңыз.
2. Жаңа телефонның бастау экранында, сол жаққа жанап өтіп, Деректерді тасымалдау
опциясын түртіңіз.
3. жалғастыру опциясын түртіп, Bluetooth функциясын қосыңыз.
4. Табылған құрылғылар тізімінен ескі телефонды таңдап, екі телефонда көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Контактілер жаңа телефонда жоқ тілде жазылған болса, контакт ақпараты дұрыс көрсетілмеуі
мүмкін.